"Мырзахмет Мукаманов" қоғамдық қоры.
Талдықорған қаласы.
Қоғамдық қор » Менің өмірбаяным
Менің өмірбаяным

Мен, Мукаманов Мырзахмет 1949 жылы 23 наурызда, Панфилов ауданы Алтыүй селосында дүниеге келдім. Көктал селосында Абай атындағы он жылдық мектепті 1966 жылы бітірдім. 1966-1968  Еңбекші ауылында тракторист – комбайншы болдым.

1968-1970 армия қатарында қызметте болдым. Армиядан қайтқан соң, комбайншы болып жүрген кезімде ауылдық, аудандық концерттерге қатысып, Көктал халық театрында әнші-актер болдым.

1971-1973 жылдары Еңбекші ауылында ән сабағынан мұғалім болдым. 1973-1975 жылдары РСЭИ- республикалық эстрада-цирк өнері студиясын бітіріп, 1975 жылы Талдықорған облыстық «Мұқан Төлебаев атындағы» филармониясының «Арай»  эстрадалық ансамбліне  әншілікке қабылдандым.

1978 жыл «Ән атасы – Әміре» телеспектаклінде Ә. Қашаубаевтың әндерін орындадым

1978 жылы Фрунзе қаласында Бүкілодақтық конкурста «Лауреат» атандым.

1980 жылы Әміре Қашаубаев атындағы  Республикалық конкурстың Бас жүлдесін жеңіп алдым.

1980-1993 жылдары «Рауан», «Сарыжазық» ансамбльдеріне жетекшілік еттім.

1993 жылы Турцияның, Стамбул қаласында откен Дүниежүзілік «Достық көпірі» Фестивальне қатысып, одан әрі екі ай (қазан, қараша) Европаның: Германия, Австрия, Франция, Бельгия, Испания тағы да басқа 17 мемлекетінде концерттік бағдарламамен болдым. Сол концерттік сапар кезінде 15 қазанда, Гамбург қаласында болғанымда, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен «Қазакстанның еңбек сіңірген Артисі» құрметті атағына ие болдым.

2001 жылдан Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның әнші солисімін.

2014 жылдан зейнеткер.